Перейти к основному содержимому
Qdesign.kz

Қолдау

QDesign жиһаз 3D-конструкторы (qdesign.kz) және ChatGPT интеграциясы.

Бізге жазыңыз: [email protected]. Жұмыс күндері, әдетте 1–2 күн ішінде жауап береміз.

ChatGPT-ге қосылу

  1. ChatGPT-де https://qdesign.kz/mcp/qdesign мекенжайымен коннектор (MCP-сервер) қосыңыз.
  2. ChatGPT QDesign-ге кіру бетін ашады (OAuth). Аккаунтыңызға кіріп, «Рұқсат ету» басыңыз.
  3. Ассистенттен шкаф не кухня жобалауды сұраңыз — ол черновик жасап, сілтемесін жібереді.

Жиі қойылатын сұрақтар

Черновик қайда ашылады?

ChatGPT жауабындағы сілтеме бойынша: черновик QDesign 3D-конструкторында ашылып, өзі жиналады. Сол жерде оны түзетіп, кәдімгі жоба ретінде сақтауға болады. Кірусіз, тек қарауға арналған сілтеме де бар.

Черновикті қалай жоямын?

Ассистенттен жоюды сұраңыз (delete_draft құралы) немесе конструктордың бұлттық жобаларында жойыңыз. 30 күн бойы ашылмаған черновик автоматты түрде жойылады.

ChatGPT-ді аккаунттан қалай ажыратамын?

Жеке кабинет → «Қосылған қосымшалар» → «Ажырату». Рұқсат бірден жойылады; қажет болса қайта қосыласыз.

Қандай жиһаз жобалауға болады?

Шкафтар (тік, Г- және П-тәрізді бұрыштық) және кухнялар (төменгі және жоғарғы қатар, раковина, плита, пенал т.б.). Материалдар мен түстер QDesign каталогынан таңдалады.

Қанша черновик жасауға болады?

Бір мезгілдегі черновиктер мен тәуліктік шақырулар саны тарифке байланысты. Лимит біткенде керексіз черновиктерді жойыңыз не оларды жоба ретінде сақтаңыз.

ChatGPT қандай деректер алады?

Тек жиһаз параметрлері мен жобаларыңыздың тізімі; телефон, e-mail және төлем деректері берілмейді. Толығы — құпиялық саясатында.

Аккаунтсыз болады ма?

Иә. ChatGPT-ден кірмей-ақ шкаф не кухня жобалауды сұраңыз — ассистент сілтеме жібереді, черновик сол сілтеме бойынша кірусіз 3D-де ашылады. Түзету мен құрастыру сызбасы кіргеннен кейін тариф бойынша қолжетімді — тарифтер qdesign.kz сайтында.

Кірмей жасалған черновикті қалай сақтаймын?

Ассистент жауабындағы сілтемені ашып, кіріңіз не тіркеліңіз — черновик аккаунтыңызға бекітіледі. Мұны 24 сағат ішінде жасаңыз: кейін қонақ черновигі автоматты түрде жойылады. Түзету мен құрастыру сызбасы — тариф бойынша, тарифтер qdesign.kz сайтында.